Құнсыз адам
21 ViewsАбдырап қалған Лоуренс қатты састы, не айтарын білмей қипақтады. Оның тілін жұлып алып ішін жарып қараса да бұл сұрақтың жауабын таба алмайтындығын аңғарған Джонсон…
Тұрар Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының байқау кеңесінің ұсынысымен 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Тұрар Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері лауазымына Ахметбеков Дәулет Хамитұлы тағайындалды.
Ахметбеков Дәулет Хамитұлы 1983 жылы 27 қарашада Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
Білімі – жоғары.
2006 жылы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясын «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы Алматы гуманитарлы-экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтап, әскери міндетін 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының әскери кафедрасын бітірген, запастағы медициналық қызметтің лейтенанты.
Еңбек жолын 2008 жылы Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының, әкімшілік бөлімінің инспекторы болып бастаған. 2008-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының, әкімшілік бөлімінің жетекші маманы, 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің әкімшілік департаменті құжаттама, бақылау және кадр басқармасының бас сарапшысы, 2012-2016 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының, персоналды басқару қызметінің бас маманы болған.
2016-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының жұмылдыру, азаматтық қорғау, төтенше жағдайлар және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы болып еңбек еткен. 2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы, 2021-2023 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған. 2023-2024 жылдары Шу қалалық ауруханасының бас дәрігері, 2024 жылдың 5 тамызынан бастап қалалық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқарған.
Отбасылы. 1 қыз, 4 ұл тәрбиелеп отыр.