Тұрғын үйлердегі өрттердің шығу себебі…

40 Views

Тұрғын үйлер және пәтердегі өрт оқиғалары көбінесе сол үйде тұрып жатқан тұрғындардың кінәсінен болып жатады. Көбінесе өртке себепші өздері, олардың көршілері, балалары. Статистика бойынша тұрғын үй мен пәтерлерде өрттің шығуына негізгі себептер – тұрмыстық электр және газ аспаптарын пайдалану кезінде, пештердің дұрыс орнатылмауы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, мас күйінде темекі тарту, сонымен қатар электр өткізгіштерін дұрыс жүргізбегендіктен болып отыр. Егер үйіңізде немесе пәтеріңізде электр өткізгіш сымдарына және электр аспаптарына зақым келсе, тез арада электр маманын шақырыңыз.
ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ: Өртті болдырмау үшін мына­дай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жөн:
– электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдыр­маңыз. Сондай-ақ, оған балаларды жақындатпаңыз;
– уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз;
– электресептегіштердегі электр­сақ­тан­дырғыштар зауыттан дайын­далған болуы тиіс;
– үлкен көлемдегі электр құрал­дарын бір уақытта қосып электр жүйе­сіне күш түсірмеңіз;
– газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;
– сіріңкені балалардың қолы жет­пейтін жерде сақтаңыз;
– бөлмені жылытуға бейберекет қол­дан жасалған электр-жылытқыш құралдарын қолданбаныз;
– балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз.
Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телефон арқылы 101-ге хабарласыңыз. Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау – сіздің үйіңіз бен мүлкіңізді оттан қорғайды.

Поделиться ссылкой: