Өткен жылы 77 тұлғаға қатысты 55 қылмыстық іс қаралған
Тұрар Рысқұлов аудандық сотының төрағасы Айдарбек Замбаев 2024 жылдың 12 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша аудандық «Құлан таңы» газетінің тілшісі М.Диханбайдың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.
Сот төрағасы сотпен атқарылған жұмыстар туралы және қаралған істер мен материалдар бойынша статистикалық деректерін айтып өтті.
2024 жылдың 12 айында 55 қылмыстық іс 77 тұлғаға қатысты қаралған. Оның ішінде 66 тұлғаға қатысты 46 іс бойынша үкім шығарумен аяқталған.
Есепті кезеңде 595 тұлғаға қатысты 595 әкімшілік іс қаралған. Оның ішінде 468 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалып, 127-сі қысқартылған. Оның ішінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуы арқылы 66 іс қысқартылған.
Сондай-ақ, 2024 жылдың 12 айында 783 азаматтық іс қаралған. Оның ішінде 476 іс бойынша шешім шығарылған, 86 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, 84 азаматтық іс қараусыз қалдырылды. 136 азаматтық іс қысқартылған, оның ішінде 114 азаматтық іс медиация тәртібімен, 18-і бітімгершілік тәртібімен қысқартылған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 49 мақала жарияланған, 14 дөңгелек үстел, 10 семинарлық сабақ, 4 баспасөз конференциясы өткізілген.
Соңында төраға А.Замбаев тілшінің сот жүйесіне қатысты барлық сұрақтарына жауап берді.
«Құлан таңы» ақпарат.
