Бұдан хабарыңыз бар ма?
2025 жылы әлеуметтік төлем өседі
Мүгедектігі бар азаматтар үшін әлеуметтік жәрдемақы:
Топтағы мүгедек: 101 702 теңге.
Топтағы мүгедек: 81 362 теңге.
Топтағы мүгедек: 55 474 теңге.
Мүгедек балаларға (7 жасқа дейін) – 74 428 теңге.
Мүгедек балаларға (7-18 жасқа) – 74 428 – 101 702 теңге (топқа байланысты).
Жәрдемақы мөлшері қандай?
Баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірінші, екінші, үшінші баланың тууына – 38 АЕК немесе 149 416 теңге;
Төртінші және одан да көп балаға – 63 АЕК немесе 247 716 теңге;
Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшері бала санына байланысты өзгеріп отырады.
2025 жылғы есеп бойынша төленетін жәрдемақы:
Бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 649 теңге;
Екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
Үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 867 теңге;
Төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.
Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы:
Төрт балаға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
Бес балаға – 20, 04 АЕК немесе 78 798 теңге;
Алты балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
Жеті балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
Сегіз және одан көп баланың әрбіріне 28,06 АЕК-ге 4 АЕК (15 728 теңге) қосылып отырады.
Айыппұл өседі
Биыл 1 АЕК 3 692 теңгеге тең. Енді 2025 жылдан бастап ол 240 теңгеге өспек. Осылайша, 2025 жылы 1 қаңтардан бастап құқық бұзып, айыппұл арқалағандар қанша теңге төлейді? Есептеп көрейік:
Рәміздерді қорлауға болмайды
Қылмыстық Кодекстің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» туралы 372-бабына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер нәтижесінде рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл көлемі 3 000 АЕК-ге өсті. 2025 жылдан бастап 1 АЕК – 3 932 теңге, демек 3 000 АЕК – 11 796 000 теңге болады.
Қоқысқа қатысты айыппұл
Пәтерге кіреберістегі есігінің қасына қоқыс салынған дорбаны қалдырғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес, «Абаттандыру қағидаларын бұзғаны» үшін 20 АЕК айыппұл салынады. Ал бұл әрекетті азамат бір жыл ішінде қайталап жасаса, онда 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 20 АЕК 78 640 теңгеге тең болса, 30 АЕК – 117 960 теңге.
Тыныштықты бұзу
Елімізде заң бойынша кешкі сағат 22:00-ден 9:00-ге дейін тыныштықты бұзуға болмайды. Тұрғын үй ғимараттары мен тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарына жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 9.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден таңғы 10.00-ге дейін шулауға тыйым салынады. Тәртіп бұзған жеке тұлғаларға – 5 АЕК (19 660 теңге), бір жыл ішінде қайталанса 10 АЕК (39320 теңге) айыппұл салынады. Сонымен қатар кәсіпкерлерге 20 АЕК-тен 150 АЕК-ке (78 640 – 589 800) айыппұл салынады.
Түкіру
Қоғамдық орында түкіргені үшін, сондай-ақ, белгіленген жерлерде қоқыс тастағаны үшін құқық бұзған адамға бірінші рет 5 АЕК, яғни 19 660 теңге айыппұл салынады. Ал азамат осы әрекетін қайталаса, онда 10 АЕК, яғни 39 320 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Көлікте телефон пайдаланып, белбеу тақпау
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны, қауіпсіздік белбеуін тақпағаны және көлік жүргізіп бара жатқанда телефон пайдаланғаны үшін жүргізушілерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл 2025 жылы 19 660 теңге.
Құжатсыз көлік жүргізу
Жүргізу құқығы жоқ жүргізушінің көлікті басқаруы 20 АЕК, яғни 78 640 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Көлік құралын басқару құқығынан айырылғандар көлік жүргізсе, оларға 50 АЕК, яғни 196 600 теңге айыппұл салынады немесе 20 тәулікке қамауға алынады.
Автобуста жолақы төлемеу
Қала және қала маңындағы қоғамдық көлікте жолақыны төлемегендерге 2 АЕК, яғни 7 864 теңге айыппұл салынады. Ал жолаушыларды билетсіз алып жүргені үшін 5 АЕК (19 660 теңге) айыппұл салынады.
Беймезгіл уақытта жүру
Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінсіз 22:00-ден 6:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болса, олардың ата-анасына 3 АЕК (11 796 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Ал 18 жасқа толмаған бала 23:00-ден 6:00-ге дейін үйден тыс жерде жүрсе, онда заңды өкілдеріне ескерту жасалады. Егер осы әрекеттер бір жыл ішінде қайталанса, онда баланың заңды өкілдеріне 27 524 теңге (7 АЕК) айыппұл салынады. Ойын-сауық мекемесінің иелеріне де 10-нан 100 АЕК-ге дейінгі мөлшерде (39 320 және 393 200 теңге) айыппұл салу көзделген.
Жолды кесіп өту
Жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін (қате жерден өту т.б) 2 АЕК (7 864 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін айыппұл 10 АЕК-ке (39 320 теңге) дейін өседі.
Жылдамдықты асыру
Көлік жылдамдығын асырғаны үшін:
– сағатына 10-20 шақырымға асырғаны үшін айыппұл 5 АЕК (19 660 теңге);
– сағатына 20-40 шақырымға асырғаны үшін 10 АЕК (39 320 теңге);
– сағатына 40 шақырымнан асырғаны үшін айыппұл қазірдің өзінде 20 АЕК (78 640 теңге).
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жылдамдықты қайталағаны үшін 30 АЕК (117 960 теңге) айыппұл қарастырылған.
Кімдер декларация тапсырмайды?
2025 жылы декларацияны мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайы, квазимемлекеттік секторлардың басшылары мен олардың зайыбы, 20 мың АЕК (73 миллион 840 мың теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) мүлкі бар адамдар, шетелде мүлкі барлар мен шетелдегі банкте қаржысы бар қазақстандықтар тапсырады. Мұғалімдер, дәрігерлер мен полиция қызметкерлері декларация тапсырмайды. Жалпы, декларацияны ерікті түрде кез келген адам тапсыра алады. Ал жеке кәсіпкерлер декларацияны жыл сайын тапсыруға міндетті. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер дүние-мүлкін басқаның атына жаза алмайды. Егер тіркейтін болса, талап бойынша туысқаны қай көзден мүлік сатып алғаны көрсетілуге тиіс.
Дереккөз республикалық «Ана тілі» газетінен алынды.
