Бұл шеберлік сабағы өзгелерден ерек болды
107 ViewsАудандық ардагерлер Кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесі көптеген бастамаларға себепші болып жүргенін біз ұдайы айтып келеміз. Газетімізде де аудандық аналар кеңесінің қолдауымен бала тәрбиелеу…
Тұрар Рысқұлов аудандық сотымен мал ұрлау, яғни мал қораның ауласына бөтеннің малын жасырын жымқыру бойынша (ҚР ҚК 188-1бабы 3-бөлігі 2-тармағы) айыпталған B.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы B., жасырын ұрлық жасап, Тұрар Рысқұлов ауданы Қ. ауылдық округіне тиесілі жалпы саны 49 бас ірі қара малының ішінен 5 бас иесіз ірі қара малдарын өзінің үйіне айдап алып келіп, нәтижесінде жәбірленуші Қ. ауылының әкімшілігіне жалпы құны 1 000 000 теңге мүліктік залал келтірген.
Жәбірленуші өкілі сотталушыға бас бостандығынан айырмауды сұрады. Келтірілген залал толығымен өтелген.
В. кінәсін толық мойындайды.
В-ның кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдермен, яғни сотталушының, жәбірленушінің айғақтары мен заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Сот шешімі:
В.-ның 188-1-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында жасаған әрекеті ауыр қылмыстарға жатады және оны жасағаны үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жасалған қылмыстардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, В.-ға түпкілікті – 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Құлан таңы» ақпарат.