Өлеңі – өмірі
28 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өткен жұмада Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің акт залында «Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің филиалы Тұрар Рысқұлов аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің II пленумы өтті. Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Айнұр Баймұратованың модераторлығымен өткен жиынға «Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерұлан Мағзымбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Сванов, мектеп директорлары және әр мектептегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары қатысты. Жиында Тұрар Рысқұлов аудандық білім бөлімі мен «Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің филиалы Тұрар Рысқұлов аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің арасында 2024-2026 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы Ұжымдық шарттың орындалуы бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Айтымбетұлының баяндамасы тыңдалды. Одан кейін аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Айнұр Баймұратова жұмысшылар тарапы бойынша қосалқы баяндама жасады. Өз баяндамасында Айнұр Баймұратова:
– Аудандық ұйымның құрамы 61 бастауыш ұйым және 7 кәсіподақтық топтан құралған. Оның ішінде 31 орта, 8 бастауыш мектеп, 6 қосымша білім беру мекемесі, 14 мемлекеттік, 8 жеке меншік балабақша және білім бөлімінен 4569 кәсіподақ мүшесін құрайды, – дей келіп, кәсіподақ ұйымы ұстаздардың тынығуы, демалысы мен бос уақытын қызықты өткізуі, рухани дамуына ерекше назар аударатындығын да жеткізді. Мәселен, 2024 жылы әр түрлі сауықтыру шипажайларына 506 кәсіподақ мүшелері демалып қайтқан екен. Бұдан бөлек аудандық кәсіподақ ұйымы өткен жылы 3 семинар, 2 акция, 4 байқау және бірнеше дәстүрлі мерекелік шаралар да өткізген екен. Айнұр Баймұратова өз баяндамасын ел Президентінің «Біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады» деген сөзімен қорытындылады. Одан кейін бірқатар азаматтар жарыссөзге шығып, сөз сөйледі. Жиын барысында «Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерұлан Мағзымбеков те сөз сөйлеп, өз ойын білдірді. Жиын соңында бірқатар азаматтар мен азаматшаларға марапаттар табыс етілді.
М.Аятберген.