Кезекті аппараттық кеңес өтті
53 ViewsКеше аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте «Жасыл белдеу» бағдарламасының іске асырылу барысы пысықталды. Соңғы екі жылда аудан аумағында 22,5 гектар жерге…
Еліміздің болашағы – дарынды, білімді, зияткер жастардың қолында. Бүгінгі мұғалім инновациялық әдістерді пайдалана отырып білімді, функционалды сауатты, креативті ойлайтын бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру керек. Сабақта оқытудың барлық түрінде жақсы нәтижеге жету үшін пәнді оқытуда оқушылардың жаңашылдыққа әуестігінің негізінде ойын мен білімді ұштастырып жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Жаңалыққа жаны құмар жастарды химия пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында 8 сыныптың оқушыларына «Химиялық дойбы» курсын ұсынамын. Себебі дойбы ойынына оқушылардың қызығушылығы жоғары. Осы мүмкіндікті пайдалану мақсатында мен оқушыларға химиялық дойбы ойынын ойнатамын. «Химиялық дойбы» ойынын ойнау барысында оқушылардың ойлау, есте сақтау, химиялық тілде сөйлеу, өз пікірін дәлелдеу, химиялық реакция теңдеулерін құру қабілеттері шыңдала түседі. Химиялық реакция химия пәнін меңгеруде үлкен орын алады. Себебі ол кезде оқушы өзінің алған теориялық білімін әр түрлі ситуацияда пайдалануға дағдыланады және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға көмектеседі.
Сондықтан мұғалім қай саладан болмасын өз пәнінен балаға іліп алар өмірлік сабақ бере алса, баланың дамуына жүйелі бағыт-бағдар берсе, оның ұстаз ретіндегі еңбегінің сіңгені деп ойлаймын.
Айжан Манабаева,
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің химия пәнінің мұғалімі.