Еңбегімен танылған азамат
74 ViewsСовет Одағы кезінде елімізге әйгілі, өсіп-өркендеген іргелі, озат шаруашылықтың бірі де, бірегейі де «Луговой жылқы заводы» болғаны баршамызға мәлім. Әр жылдары совхозда еңбек еткен…
Құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту үшін ағымдағы жылдың 15-ші қаңтар мен 1-ші наурыз аралығында облыс аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді.
Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік учаскелерде өздерінің визит карточкаларын бере отырып, пәтерлер мен аулаларды аралайды. Тұрғын үйлердің кіре-берістерінде, дүкендерде, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда, ойын-сауық орындарда ақпараттық парақшаларды орналастырады.
Тәртіп сақшылары қоғамға жат әрекеттер мен қадағалаусыз қалу фактілерінің жолын кесу үшін жалдамалы пәтерлерді, базарларды және басқа да сауда орындарын, тұрмысы нашар отбасыларды, жастардың шоғырлану орындарын тексеруде. Сондай-ақ, ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарды және тұрғылықты жері бойынша азаматтық қару иелерін де тексеру жоспарланған.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтарын полиция қызметкерлеріне барынша көмек көрсетуге шақырамыз. Профилактикалық іс-шараны өткізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Аудандық полиция бөлімі және
жергілікті полиция қызметі бөлімшесі.