Аппараттық кеңесте тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелері қаралды

100 Views

Жақында аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
онда аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық «мансап» орталығы филиалының өткен жылы атқарылған жұмыстары талқыланды.

2024 жылы ауданда жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 4405 адам тартылып, жоспар 107,4%-ға орындалған. Тұрақты жұмысқа 2421 адам (121,0%), жалпы жұмысқа 3762 адам (117,6%) орналасса, қатысушылардың 34,4%-ын жастар құрап отыр.
2023 жылдың қорытындысымен салыстырғанда, 2024 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 164 отбасына (30%) және 910 адамға (29%) азайған. Бөлім тарапынан бұл бағытта жыл сайын алушылар санын қысқарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Аудан әкімі Ернар Есіркепов аталмыш бағыттардағы тиісті жұмыстарды жандандыру қажеттігін және биыл Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай қажетті шаралар толыққанды жүзеге асырылуы қажеттігін жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: