Айару үздіктер қатарынан көрінді
36 ViewsЖуырда Алматы қаласында республикалық «Ауыл спорты» ойындары өтті. Бірінші іріктеу кезеңі әр облыста ұйымдастырылып, жарыс спорттың 7 түрінен өтті. Оған 300 ауылдан шамамен 10 000…
Өткен аптада Луговой ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде Құлан мектеп-гимназиясының 22 жылдық мерекесіне орай футболдан жасөспірім оқушылар арасында жарыс өтті.
Бұл жарысқа 12 команда қатысты. Осы жарыста студент кезінде Испанияда доп тепкен, бала кезінен футбол ойынына қызығып, қазіргі таңда футболдан Құмарық ауылдық округінің қосымша пән жаттықтырушысы болып еңбек ететін Саят Аралбаевтың шәкірттері жүлделі екінші орынға ие болды.
Саяттың өзі Көгершін ауылында дүниеге келген. Алайда қазір Құмарық ауылдық округінің жастарын осы ауылдық округте спорт нұсқаушысы болып жұмыс істейтін Сержан Баденов-пен бірге жастарды спортқа баулып жүр. Еңбек еткен адам әрқашан жетістікке жетері сөзсіз. Оның дәлелі мінеки, Саят Аралбаев десек болады.
Біз газетімізде осыдан бірер жылдар бұрын Саят Аралбаевтың Испания елінде доп тепкендігі туралы көлемді мақала жазғанбыз. Ол кезде Саят студент еді. Ауыл спортын дамытамын деп сонау Алматыдан елге табан тіреген Саяттың көздеген мақсаттары да орындалып жатыр. Әрдайым осылай еңбектене берсе, Саяттың шәкірттері үлкен белестерді бағындырады деген сенімдеміз.
Марат Аятберген.