Жеңіс туы желбіресін!
95 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Кеше Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Жасұлан Әбдіхалық пен облыстық асабалар қоғамының төрағасы Ринат Нұрақбаев ауданымызға келіп, Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде той мәдениетін жандандыру мақсатында кездесу өткізді. Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмайл, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, жергілікті асабалар және дін өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.
Басқосуда қазіргі той мәдениеті, оның ұлттық құндылықтарымызға сай өтуі және артық шығынсыз ұйымдастыру жолдары талқыланды.
«Қазіргі таңда қазақтар тек мешіт пен тойда ғана бас қосатын болды. Өкінішке қарай, тойлар өзінің мәртебесінен айырылып барады. Осы мәселені ескере отырып, орталық қызметкерлері той мәдениеті тақырыбында методикалық нұсқаулық дайындап жатыр. Сондай-ақ, той – тек сауық-сайран емес, ұлттың мәдениетін танытатын айрықша дәстүр. Оны заманға сай, бірақ ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай өткізу – баршаға ортақ міндет», – деді Жасұлан Лесбекұлы.
Кездесу барысында талай жыл ауданда бас имам қызметін атқарған Сұлтаншәріп Жадыраев «Тойдағы ысырапшылдықтың алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл үрдісті реттеу үшін арнайы ас мәзірін белгілеуді ұсынамын» – деген пікірін айтты.
Той – ұлт мәдениетінің айнасы. Оны мән-мағыналы, ысырапсыз өткізу – баршамызға ортақ міндет. Кездесу барысында осы бағытта нақты ұсыныстар айтылып, той мәдениетін жаңғырту жолдары талқыланды. Ұлттық дәстүрді сақтай отырып, той өткізу мәдениетін қалыптастыру – уақыт талабы.
«Құлан таңы» ақпарат.