Табиғатты өрттен сақтайық!

47 Views

Орман немесе дала өртінің шығу себептері көбінесе адамдардың өз кінәсінен болады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрететін үгіт-насихат жұмыстарын тек орман шаруашылықтары ғана емес, олармен қатар басқа да мекемелер де жүргізуі тиіс. 

Орман шаруашылығының жұмысында өрт қауіпсіздігі бірінші кезектегі үлкен мәселе.
Өрттің алдын алу және оны болдырмауға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары аудан көлеміндегі мекемелерде лекциялар, баяндамалар, аудандағы ауылдық округтер мен шаруа қожалықтарға таратылатын ескерту хаттар жатады. Әр тұрғын мұндай ескертулерге байыппен қараса, халық байлығы орманды тілсіз жау өрттен қорғауға, аман сақтауға ықпалдарын тигізеді.
Орман, дала өрттерінің болуының негізгі себептері:
– сөндірілмеген шылым не сіріңке;
– аңшылықтың салдары. Олар атқан оқтан бықсып шөп жанып тұтанады;
– механизатор орманда немесе далада өрт қауіпсіздігін сақтай бермейтіндіктен тұтануға бейім майланған материалды тастап кетеді, техника қауіпсіздігін бұзады, көліктің жанында шылым шегеді және т.б.;
– ауыл шаруашылығының жұмысшылары кепкен шөп, кесілген ағаш қалдықтары бар жерлерге от жағады;
– орман қоры жерлеріне жақын жерлердегі егістің орнын өртейді;
– күннің сәулесі мол түсетін жерлерге шынының сынығын тастап кетеді. Ал ол жандырғыш линза тәрізді күн сәулесінен қуат алып құрғақ шөптерді тұтандырады.
Орман, дала өрттерін сөндіру оңай шаруа емес. Сондықтан оған жол бермеудің алғы шарттарын қатаң сақтау қажет.
Құрметті аудан тұрғындары және қонақтары! Өрттің тілсіз жау екенін және өрт болған жерде көптеген шығындар келтіретіні бәрімізге белгілі. Жаз және күз мезгілдері өртке өте қолайлы уақыт. Өрт орын алса оңайлықпен сөнбейді, айналасындағы өсімдік ағаштарын, аң-құстардың ұяларын жояды. Табиғат берген байлықты сақтауға бір кісідей болып атсалысуымыз керек. Дала не орман өрті орын алған жағдайда, Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің 2-45-75 байланыс телефонына немесе Төтенше жағдай бөлімшесінің 101 нөміріне хабарласыңыздар.

Н.Заурбеков,
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесінің орман қору инженері.

Поделиться ссылкой: