Жеңіс туы желбіресін!
95 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Жақында Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің жанынан ашылған Өнер мектебінде қосымша білім беру үйірмелерінің «Отбасы мен мектеп бала тәрбиесіндегі серіктес, жанұя тәрбиенің басты ұясы» тақырыбында ата-аналарға арналған іс-шара өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – ата-аналармен үнемі байланыста болып, түрлі шараларға қатыстыру арқылы бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін сезіндіру, баланың бос уақытын тиімді пайдалануға жағдай жасау. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, білімді, саналы тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу. Іс-шараға ата-аналармен қатар, Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің директоры С.Айтбаев, Көгершін ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Д.Бодауова, Көгершін ауылдық округі әкімдігінің бас маманы В.Бигазиева, үйірме жетекшілері мен мектеп әкімшілігі қатысты. Іс-шара барысында Өнер мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Самылтырова Назгүл Қуанышбекқызы «Цифрлық әлем мен интернеттің балаларға әсері» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Баяндамада қазіргі заман баласының интернетпен қарым-қатынасы, сандық технологиялардың ықпалы, артық уақытты экран алдында өткізу мәселелері мен оның психологиялық, эмоционалдық әсерлері кеңінен сөз болды.
Баяндамашы интернеттің пайдасымен қатар, оның балаларға тигізетін теріс ықпалын да атап өтті.
Сонымен қатар жетекшілермен оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі қойылып, оқушылар мастер класс көрсетті. Сахна үйірмесінің оқушылары көрініс көрсетіп, әннен шашу шашты.
Ата-аналармен тренингтік жаттығулар өткізіліп, интерактивті сұрақтар арқылы отбасындағы тәрбиелік жағдайларға талдау жасалды.
Іс-шара соңында ата-аналар мұндай мазмұнды кездесулердің маңызын атап өтіп, мектеппен әрдайым байланыста болуға ниетті екендерін білдірді. Ал, ұстаздар қауымы ата-аналардың белсенділігіне ризашылық білдіріп, баланың тәрбиесі мен дамуына бірлесіп ықпал етуді жалғастыруға шақырды.
Жиналыс барысында кері байланыс парақшалары таратылып, бұл парақшалар арқылы ата-аналар жиналыстың пайдалы тұстарын, ұйымдастырылу деңгейін және өзекті мәселелер бойынша пікірлерін жазып, өз үлестерін қосты.Өнер мектебінің қосымша білім беру үйірмелері арқылы оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне, өнерге бейімділігін арттыруына жағдай жасалып отырғаны ата-аналар тарапынан оң бағасын алды.
Эльмира Тыныстанова,
«Өнер» мектебінің мұғалімі.