Жолдауға қолдау

766 Views

Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру – басты міндет

 Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау туралы айтқан еді. «Өмір сүруге жай­лы орта қалыптастыру» деп аталатын бөлімде «жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елдімекеннің және сапалы инфрақұрылымның бо­луы» деп атап көрсетті.

Ел Президентінің аталған Жолдауында еліміздің аумақтық дамуына жаңа тәсілдер енгізуді қамтамасыз ету қажеттілігі жайлы сөз қозғалды. Онда «мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «кедергісіз орта» қалыптастыруға зор мән берілуі тиіс» делінген. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануға коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін үй кезегін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ШЖҚ РМК бөлімшелері арқылы немесе «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы тұрғын үй кезегіне тіркеле ала­ды.

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және ав­томобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты  пайдалануға коммуналлық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үй» кезегінде 2005 жылдан ба­стап бүгінгі таңға дейін 466 адам үй кезегінде тұр. Олардың 111-і медицина қызметкерлері, педагогтар және мемлекеттік қызметкерлер, ал қалған 355-і халықтың әлеумттік жағынан осал топтарының санаттары бойынша кезекке тіркелгендер. Қазіргі таңда мемлекеттік тұрғын үй кезегі бойынша тұрған азаматтардың құжаттарын түгендеу және толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Ау­данда мемлекеттік көп пәтерлі тұрғын үйдің болмауына бай­ланысты тұрғын үй салынған жағдайда кезекпен берілетін болады.

Ауданда 2017-2018 жыл­дар аралығында тұрғын үй құрылысын салу мақсатында ау­дан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі КММ 80 пәтерлік 5 қабатты 2 үйдің құрылысына жобалау сметалық құжат дайындауға бюджеттен 2017 жылы 5 млн.теңге, 2018 жылы 19млн. 269 мың теңге қаржы бөлініп, құжат дайындалды. Жаңа тұрғын үй алқабына кәріз коллекторының құрылысын салу және ішкі алаңның инженерлік желілері

 құрылысын салу нысаны­на жобалау сметалық құжат дайындауға 15 млн.839 мың теңге қаражат қарастырылып, жоба дайындалды. Кәріз коллекторының жобасы са­раптама қарауында. Инженерлік желілердің құрылысы нысанының сарапта­ма қорытындысы алынып, облыстық басқармаларға өтінім жолданды.

Инфрақұрылымды жақсарту мақсатында аудан аумағында ағымдағы жылы 1077829,0 мың теңгеге аудан бойынша авто­мобиль және көше жолдарын жөндеу жоспарланып, оның ішінде аудандық бюджеттен 3288801,0 мың тг.(38 көше), облыстық бюджеттен 749028,0 мың теңге (5 аудандық маңызы бар автомобиль жолдары) бөлініп, жұмыстар атқарылды. 2018 жылға жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомо­биль жолдарының үлесі 89,6% және елдімекен көшелерінің үлесі 83,5% межеге түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізілді.

Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі соңғы он бес жылда ұдайы назарға алы­нып келеді. 2014 жылдан бері еліміздің инфрақұрылымын жақсартатын «Нұрлы жол» кешенді бағдарламасы табысты іске асырылуда. Қазіргі таңда тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» Рас, қазір бұл бағдарламаға қатысты әртүрлі пікірлер, ұсыныстар айтылуда. Соның бірінде мемлекеттік бағдарламамен пәтер алған көпбалалы отбасылардың үйін кеңейтуіне мүмкіндік беру, мемлекеттік бағдарламамен үй алғаннан кейін отбасында сәби дүниеге келіп, бала саны артып жатса, қосымша жеңілдіктер жасау туралы айтылды.

Қалай дегенмен, еліміздің барлық аймақтары бойын­ша дәрігерлер, полиция қызметкерлері, мұғалімдер, қысқасы, әлеуметтік сала қызметкерлері аталған бағдарламаның арқасында баспанаға қол жеткізетініне сенімдіміз. Сондай-ақ, Елбасы Жолдауын­да мүмкіндігі шектеулі азамат­тарды үнемі назарда ұстап, мем­лекет тарапынан қамқорлықты күшейтуді, қоғамда жайлы орта қалыптастыруды та­лап етіп отыр. Демек, бұл аса жауапкершілікпен қарайтын мәселе болғандықтан, баршамызға ортақ міндет.

М.ДАУЫТБЕКОВ,

аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және ав­томобиль жолдары бөлімінің басшысы.  

Поделиться ссылкой: