Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны

74 Views

4 маусым – Қазақстан Респуб­лика­сы­ның Мемлекеттік Рәміздер күні. Биыл бұл атаулы мерекеге 30 жыл толып отыр. Осы мерекеге орай №5 орта мектебінде Мемлекеттік рәміздер бұрышы ашылды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген дана халқымыз. Жастарды отансүйгіштікке, ұлттық санаға тәрбиелеу жолында ауыл кәсіпкерлері үлгі боларлық іс жасады. Бұл игі іске демеушілік көрсетіп, өз үлесін қосқан жас кәсіпкерлер ағайынды Нұрбек Букетов пен Нұржан Букетовке мектеп ұжымы мен оқушылардың атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Жаңадан жасақталған бұрыш Ту, Елтаңба және Әнұранның мән-маңызын ашатын, олардың тарихы мен авторлары туралы мол мағлұмат беретін мазмұнды әрі көрнекті түрде безендірілген. Бұрыш заманауи талаптарға сай жасалып, мектеп дәлізінің ең көрнекті жеріне орналастырылды. Бұл жас ұрпақты Отанын сүюге, елінің нышандарын құрметтеуге баулитын тәрбиелік маңызы зор іс.
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның айбары. Ал сол рәміз­дердің қадір-қасиетін жастайынан бойға сіңіру – басты міндетіміз. Олар­ды қастерлеу – әр азаматтың парызы. Сондықтан осындай танымдық баста­ма­лардың алдағы уақытта да жалғасын таба­рына сенемін.

Г. Кожахметова,
№5 орта мектеп директорының орынбасары.

Поделиться ссылкой: