Пробация қызметі есебінде тұрған азаматтармен кездесу өтті

52 Views

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен мемлекеттік әлеумет­тік жобаны іске асыру мақсатында кезекті іс-шарасын аудандық полиция бөлімінде өткізді. Шараның негізгі мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға психологиялық және құқықтық қолдау көрсету арқылы олар­дың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету, қайта қылмыстық жағдайларға тап болмауы үшін профилактикалық жұмыстар жүргізу. Психолог Марал Хантөреқызы қатысушыларға күнделікті өмірдегі психологиялық қиындықтармен күресу, күйзеліске қарсы тұру жолдары, агрессияны басқару және қоғамда өзін еркін сезінуге көмектесетін дағдылар туралы терең әрі түсінікті ақпарат берді. Сонымен қатар отбасы құндылықтарының маңызы мен адамның ішкі тұрақтылығының қоғаммен үйлесімді өмір сүруіндегі рөліне ерекше тоқталды. Марал Хантөреқызы пробация қызметіндегілердің әлеуметтік ортаға қайта бейімделуінде психологиялық қолдаудың ерекше маңызды екенін айта келе, өзін-өзі бағалау, эмоцияны басқару, ашық коммуникация дағдыларына байланысты практикалық жаттығулар жасатты. Шара қатысушылардың өмірге деген қөзқарасын жаңғыртуға және оң мотивация беруге бағытталған нәтижелі кездесу болды. Қатысушылар спикердің кеңестерін пайдалы деп бағалап, алдағы уақытта осындай шаралардың жиі өтуіне қызығушылық танытты.

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі.

Поделиться ссылкой: