Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күн. Бұл әрбір елдің болашағы саналатын балаларға арналған ең жарқын әрі мейірімге толы мейрам. Осы атаулы күнге орай аудандық салық басқармасының жанындағы орталық демалыс-сауықтыру саябағында кішкентай бүлдіршіндерге «Бақытты бала – бақытты ел» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – балаларға қуаныш пен шаттық сыйлау, олардың бойындағы өнер мен қабілетті танытуға мүмкіндік беру және қоғам назарын бала құқығын қорғауға, олардың бақытты өмір сүруіне жағдай жасауға аудару болды.
Мерекелік іс-шарада білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын, отбасылық дәстүрлерін сақтау, балалар шығармашылығын дәріптеу мақсатында 5-11 жастағы мектеп оқушылары арасында «Асфальтқа сурет салу», «Мальберт бетіне сурет салу» номинацияларымен жас суретшілердің аудандық байқауы өткізіліп, нәтижесінде жеңімпаздар аудандық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталып, демеушілер тарапынан дайындалған сыйлықтар табысталды.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, жас өнерпаздар өздерінің өнерлерін көрсетіп, шығармашылық топтар өздерінің ерекше нөмірлерімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Концерт барысында балаларға түрлі ойындар, викториналар мен қызықты байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді.
Іс-шара соңында бүлдіршіндерге «Балаларға қуаныш сыйлайық» атты акция аясында тегін балмұздақтар таратылды.
«Бақытты бала – бақытты ел» атты бұл шара балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, олардың бойындағы патриоттық сезімді, достықты, шығармашылыққа деген қызығушылықты арттыра түсті. Осындай мерекелер – бала тәрбиесінде маңызы зор, қуанышқа толы, естен кетпес сәттерге айналатыны сөзсіз.
Бала күлкісі – әлемнің ең нұрлы әуені. Ендеше әрбір баланың жүзі шат, өмірі шуақты болсын!
Эльзат Тілеубаева,
аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.