Бейбіт елдің балалары

257 Views

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігі аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Аудан тұрғындары арасында этносаралық және конфессиялық келісімді нығайтуға және насихаттауға бағытталған іс-шаралар» тақырыбындағы әлеуметтік жобасын іске асыруда. Жоба аясында аудандық «Достық үйінде» «Бейбіт елдің балалары» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған этносаралық байқау өткізілді. Мақсаты – Қазақстан халқының ынтымағы мен ұлтаралық татулығын одан әрі күшейту, этносаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу болып табылады. Байқауға 20-ға жуық этнос жастары белсене атсалысты. Байқау 6-8 жас, 9-11 жас, 12-15 жас ерекшелігіне қарай үш топқа бөлініп қарастырылды. Байқаудың нәтижесінде орын алған оқушылар марапатталып, сыйлықтар табысталды.

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі.

Поделиться ссылкой: