Бірлік барда тірлік бар
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын іске асыруда. Жоба аясында Тұрар Рысқұлов ауданындағы Достық үйінде «Бірлік барда тірлік бар» тақырыбында отбасылық спартакиада ойыны отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Отбасылық спартакиадаға Жақсыбаевтар, Париева, Саркуловы, Асимбековтар отбасы қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Сондықтан бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда, отбасылық институтты нығайту да бұндай іс-шаралардың маңызы орасан зор.
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі.
