Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Аудан орталығынан шалғай жатқан Сәлімбай ауылынан көптеген дарынды әрі талантты жандар көптеп шыққан. Ауылымыздың атын, ауылымыздың ғана емес, облысымыздың, тіпті мемлекетіміздің абыройын асқақтатып жүрген спортшымыздың бірі – Нұрсұлтан Дүйсенқұлов. Ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Нұрсұлтан Дүйсенқұлов 1997 жылдың 25 мамырында Тұрар Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылдық округіне қарасты Сәлімбай ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Бірлес орта мектебіне 1 сыныпқа барып, 4 сыныпқа дейін осы мектепте білім алды. 5-сыныптан бастап, Астана қаласында білім алып, спорттық жолын 2010 жылы бастады.
Ол 2015 жылы ересектер арасында ҚР чемпионы болды. Халықаралық жарыстардан бірінші жеңісі 2017 жылы Въетнам мемлекетінің астанасы Ханой қаласында өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Қазір 5 дүркін Қазақстан чемпионы,
екі дүркін Азия чемпионы деген үлкен атаққа ие.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Дүйсенқұлов Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы. Әлем чемпионатының қола және күміс жүлдегері. Grand Slam, Grand Prix, Balkan Open секілді көптеген халықаралық турнирлердің де жеңімпазы. Қазір Нұрсұлтанымыз джиу-джитсудан ҚР Ұлттық құрама мүшесі. 4 жылда бір өтетін Дүниежүзі ойындарына дайындық үстінде. Бұл дода осы жылдың 25 тамызында Қытай Халық Республикасында өтеді.
Біз жерлесімізді әрқашан мақтан етеміз және оған әрдайым тілекшіміз.
Абылай Азтан,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Өрнек ауылдық округіндегі жастар
ісі бойынша маманы.