Көлік құралын басқару құқығынан айырыла отыра, мас күйінде көлік жүргізгені үшін бас бостандығынан айырылды

43 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық соты көлік құралын басқару құқығынан айырыла отыра, масаң күйде көлік құралын басқарған Д.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 346-бабы­ның 1-бөлігі).
Сотта анықталғаны
Сотталушы Д. Тұрар Рысқұлов аудандық сотының 2021 жылғы 22 қарашадағы қаулысымен көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылған (ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі).
Алайда, 2025 жылдың сәуірінде оны Құлан ауылында полиция қыз­меткерлері мас күйінде көлік жүргізу кезінде ұстап алып, медициналық куәландыруға жеткізген. Сотталу­шының кінәсі оның өзінің мойындау айғақтарымен және іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.
Тараптардың ұстанымы
Прокурор қылмыстардың жиын­тығы бойынша 1 жылға бас бостан­дығынан айыру жазасын тағайын­дауды сұрады.
Сотта А. кінәсін толық мойындады.
Сот үкімі
ҚК 346-бабы 1-бөлігінің санкциясы 5000 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 1200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не айыру түріндегі жазаны көздейді.
Сот жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын жүректен өкінуін, тұрғылықты жері бойынша жағымды мінезделетінін және асырауында кәмелетке толмаған балалардың болуын таныды. Ауырла­татын мән-жайлар анық­талған жоқ.
Сот үкімімен Д. ҚК 346-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: