Денсаулық сақтау мәселесінің жай-күйі талқыланды

26 Views

Жақында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Бейсенбек Әлпейісовтің төрағалығымен аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Аталмыш отырыста аудандық орталық ауру­хана­ның 2024 жылғы және 2025 жылдың 7 айында аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсету бойынша атқарған жұмыстары талқыланды. Жиында аудандық орталық ауру­хананың бас дәрігері Дәулет Ахметбеков баяндама жасады. Содан соң белсенді азамат А.Отыншиев пен аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі М.Шүкеев аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Дәулет Хамитұлына бірқатар өзекті сауалдарды жолдады. Баяндамашы ол сауалдарға егжей-тегжейлі нақты мысалдар арқылы жауап берді. Содан соң осы мәселе бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізген білім беру, денсаулық, ішкі саясат, мәдениет, спорт, қоғамдық бірлестіктер мен жастар саясаты жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Мырзабек Маңғұтов та баяндама жасады. Содан соң жарыссөзде аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі Түзел Алагөзова сөз сөйлеп, бірқатар сыни-ескертпелерін жеткізді. Отырыс соңында Бейсенбек Әшімәліұлы «Бүгінгі қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіндегі аудандағы ден­саулық сақтау саласының бүгінгі жай-күйі талқыланды. Адамдардың денсаулығын қадағалау, аурудың алдын-алу, медициналық қызмет көрсе­тудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ауданымызда мемле­кеттік бағдарламалар аясында орталық ауру­хананың материалдық-техникалық жағдайы жылдан-жылға жақсарып келе жатқандығын көріп жүрміз. Дәрігерлер жетіспеушілігі орын алған, енді дәрігерлерді ауылға тартудың тетіктерін қарастыру қажет» деді. Одан кейін тиісті шешімдер назарға алынып, ұсынымдар берілді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: