2025 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша мамандандырылған үш тәуелсіз кассациялық соты іске қосылады

18 Views

Аудандық сот судьясы Серік Өзбеков­тің төрағалығымен ау­дан әкімдігінде «Кассациялық соттардың құрылуы мен қызметінің бағыттары, тиімділігі», «Әкімшілік рәсімдік процестік кодексті қолдану практикасын қарау мәселесі» және «ҚПК-нің 106-бабының тәртібі бойынша шағымдарды қарау мәселесі» тақырыптарында дөңгелек үстел форматында кездесу өтті.
Кездесуге аудандық сот әкімшісінің басшысы Жасұзақ Баймендиев, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, Құлан, Луговой, Ақбұлақ, Қорағаты, Абай, Қарақыстақ, Жаңатұрмыс, Көкдөнен, Көгершін, Құмарық, Ақниет, Ақыртөбе, Өрнек, Тереңөзек, Қайыңды ауылдық округ­терінің әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында судья Мемлекет басшысының бастамалары мен саяси ерік-жігері саяси жүйені, оның ішінде сот жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған рефор­малаудың негізі болып табыла­тынын айтты.
2024 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті касса­­циялық соттардың құрылуын қам­тамасыз ететін «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының сот жүйесі мен судья­­­ларының мәртебесі туралы» Консти­туциялық заңға өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды. Бұл қадам оның сот саласындағы реформалар қажеттілігі туралы саяси көзқарасын растады.
Осылайша, Қазақстан Респуб­ликасында 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша маман­дандырылған үш тәуелсіз кассациялық соты іске қосылады.
Сот төрелігін жүзеге асыруды тіке­лей аудандық және облыстық соттар, яғни бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар, сондай-ақ, Астана қаласында орналасқан жаңадан құрылған кассациялық соттар жүзеге асыратын болады. Бұл соттар заңды күшіне енбеген сот актілеріне шағымдар бойынша істерді кассациялық саты ретінде қарайтын болады.
Кассациялық шағымдар касса­циялық сатыдағы сотқа бірінші саты­дағы сот арқылы беріледі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінің нормаларына сай дауды сотқа дейін реттеу тәртібін түсіндіріп берді.Әкімшілік сот төрелігінің мемле­кеттік органдармен қарым-қатынаста азаматтардың құқықтарын сот арқылы қорғау кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін принципті маңызы бар және Қазақстандағы әкімшілік сот төрелігінің қалыптасуын көрсетеді. Оның міндеті ӘРПК-ның 5-бабының 2-бөлігіне сәйкес, әкімшілік істерді әділ, бейтарап уақтылы шешу болып табылады.
Осылайша Кодекстің 4 тарауының 3 бөлімі мемлекеттік органдардың қызметіне арналғанын, онда мемлекеттік органдардың азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарауының нақты алгоритмін қамтамасыз ететін әкімшілік рәсімдерге ерекше орын берілген.
Сонымен қатар азаматтар тарапы­нан берілетін ҚПК-нің 106-бабы бойынша құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түскен шағымдардың сапалы қаралуы мен заң аясында азаматтардың құқықтарының қорғалуы мәселесін қозғады.
Кездесу барысында ауыл әкімдері сауалдар қойып, заңдық тұрғыдан қойған сауалдарына тұшымды жауаптар алды.
«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: