Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Жақында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, Тараз қаласындағы «Ұлан» стадионында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өтті. Бұл жарысқа аймақтың әр ауданынан мемлекеттік қызметшілер келіп, бақ сынады.
Аталмыш спартакиадаға Тұрар Рысқұлов ауданынан да команда жасақталып, осы жарысқа барды. Айта кетейік, бұл спартакиада да мемлекеттік қызметшілер 8 спорт түрінен өзара кім мықтыны анықтады. Атап өтсек, Тараз төріндегі спартакиада да олар жеңіл атлетика, қазақ күресі, арқан тарту, гір тасын көтеру, қол күрес, секірмек, жүзу және ләңгі тебуден сайысқа түсті. Осы жарыста Тұрар Рысқұлов ауданының намысын қорғаған Көкдөнен ауылдық округінің бас маманы Жаннұр Кексрауов қазақ күресінен 90 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, жеңімпаз атанды. Ал Өрнек ауылдық округінің бас маманы Әсет Айдарқұлов 80 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, жүлделі ІІ орынға ие болды. Осылайша Жаннұр мен Әсетіміз мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір-салтын насихаттап, олардың арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған спартакиада да тұғыр сатысынан көрініп, абыройлы болып қайтқан жағдайы бар.
Марат ДИХАНБАЙ.