СОТ ТӨРЕЛІГІ – ӘР АДАМҒА: ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ МЕН ШЫНАЙЫ ТЕҢДІК ЖОЛЫНДА

12 Views

Әділетті қоғам құру – кез кел­ген мемлекеттің басты мақсаты. Бұл жолда сот жүйесінің әділдігі, ашық­тығы және қолжетімділігі шешу­ші рөл атқарады. Қазақстанда әр азаматтың сот төрелігіне тең қол жет­кізуі – Конституциялық құқық. Осы бағыт­та еліміздің құқық қорғау және прокурорлық органдары, соның ішінде ҚР Бас прокуратурасы, облыстық және аудандық прокуратуралар ауқымды жұмыс атқаруда.
Сот жүйесіне деген сенімділік аза­мат­тардың әділетке жүгіну еркіндігімен және сот шешімдерінің әділдігімен өлшенеді. Соңғы жылдары соттарда жариялылық, процестердің ашықтығы, шешімдердің электронды форматта қолжетімді болуы қоғамның сенімін арттыруға жол ашты. ҚР Жоғарғы Соты мен Бас про­ку­ратурасы бірлесе отырып, сот төре­лігінің әділетті жүргізілуін бақылауда ұстауда. Әсіресе, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың шағымдары мен өтініштерін уақтылы қарау басты назарда.
Аудан прокуратурасы заңдылықтың сақталуын қадағалайтын орган ретінде, заң бұзушылықтардың алдын алу, прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыру бағытында стратегиялық шараларды жүзеге асыруда. Олар:
– қылмыстық және әкімшілік істер бойынша азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
– сотқа дейінгі тергеп-тексеру істеріне заңды бақылау жүргізу;
– кәмелетке толмағандар, әлеуметтік осал топтар құқығын қорғауда белсенді әрекет ету;
– мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне қарсы прокурорлық шаралар қабылдау.
Сот төрелігі тек қағаз жүзіндегі құқық емес, нақты орындалатын әділет болуы керек. Осы мақсатта цифрландыру, онлайн сот процестері, татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану сот жүйесін жетілдіруге ықпал етті. Прокуратура азаматтарды қабылдауды жеңілдетіп, ашық диалог форматтарына көшіп жатыр. Бұл – халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, сотқа жүгіну мәдениетін қалыптастырудың бір жолы.
Әрбір азаматтың әділ сотқа жүгіну құқығы – демократиялық, құқықтық мемлекеттің негізі. Сот жүйесін жетілдіру, прокуратураның қадағалау қызметін күшейту, азаматтардың құқығын қорғау жолында жүйелі түрде жұмыстар жалғасуда. Сот төрелігінің әділ болуы – тек заңнамамен емес, қоғамның оған деген сенімімен өлшенеді. Сондықтан бұл бағытта мемлекет пен қоғамның бірлескен әрекеті аса маңызды.

СУДЕБНАЯ СПРАВЕДЛИВОСТЬ – КАЖДОМУ: НА ПУТИ К ОБЩЕСТВЕННОМУ ДОВЕРИЮ И ПОДЛИННОМУ РАВЕНСТВУ

Построение справедливого об­щества – главная цель любого государства. На этом пути ключевую роль играет справедливость, открытость и доступность судебной системы. В Казахстане равный доступ каждого гражданина к правосудию гарантируется Конституцией. В этом направлении ведётся масштабная работа со стороны правоохранительных и надзорных органов, включая Генеральную прокуратуру РК, областные и районные прокуратуры.
Доверие к судебной системе опре­деляется свободой обращения граждан за справедливостью и объективностью принимаемых судебных решений. В последние годы усиливаются меры по обеспечению открытости судебных процессов, доступности решений в электронном формате, что способствует укреплению доверия общества.
Верховный Суд РК совместно с Гене­ральной прокуратурой осуществляет контроль за соблюдением принципов справедливости в правосудии. Особое внимание уделяется защите прав и свобод человека, своевременному рассмотрению жалоб и обращений граждан.
Районная прокуратура, как ор­ган, обеспечивающий законность, реализует стратегические меры по предупреждению нарушений закона и повышению эффективности прокурорского надзора. В частности:
– обеспечение соблюдения прав граждан по уголовным и админис­тра­тивным делам;
– осуществление надзора за законностью досудебного рассле­дования;
– активные действия по защите прав несовершеннолетних и социально уязвимых групп населения;
– принятие прокурорских мер в отношении незаконных действий государственных органов.
Правосудие не должно оставаться только формальным правом – оно должно быть реальным и доступным инструментом справедливости. В этом направлении активно внедряются цифровые технологии, онлайн-судо­произ­водство, процедуры медиации, что способствует модернизации судебной системы. Прокуратура упрощает приём граждан, переходит на открытые форматы диалога. Всё это способствует повышению правовой грамотности населения и формированию культуры обращения в суд.
Право каждого гражданина на справедливое правосудие – основа демократического, правового госу­дарства. Сегодня в стране продолжается системная работа по совершенствованию судебной системы, укреплению надзорной функции прокуратуры и защите прав граждан. Справедливость правосудия оценивается не только по законодательству, но и по доверию к нему со стороны общества. Поэтому совместные действия государства и гражданского общества имеют особое значение.

Айбек Медетбекұлы Әуезбеков,
аудан прокуратурасының прокуроры.

Поделиться ссылкой: