БАҚ өкілдері марапатталды

38 Views

Өткен жұмада аудан әкімі Ернар Есіркепов ақпарат саласының өкілдерімен кездесіп, оларды Кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Кездесу барысында аудан басшысы биыл 85 жылдығын атап өткен «Құлан таңы» газетінің шежірелі тарихына тоқталып, басылымның бүгінгі тыныс-тіршілігіне оң бағасын берді. Отандық журналистиканың өңірлік дамуында өзіндік қолтаңбасы бар тілшілер мен басшылық құрамның есімдерін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ашылғанына бір жылдан асқан «Құлан медиа» ақпараттық орталығының жас, бірақ қарқынды қадамдарымен ерекшеленген ұжымына да алғыс білдіріп, шығармашылық шабыт пен жаңа жетістіктер тіледі. Жиын соңында аудан әкімі бірқатар БАҚ қызметкерлерін марапаттап, салада сіңірген еңбектері үшін алғыс хаттар табыстады.

Жәнібек Базылбек.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий