Правовые акты
44 ViewsОб утверждении состава Қазақстан Халық Кеңесі 22 сентября 2026 года В соответствии с подпунктом 1) статьи 5 Конституционного закона Республики Казахстан «О Қазақстан Халық…
Жуырда аудандық полиция бөлімі мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі қызметкерлерінің бірлесуімен «Заң мен тәртіп» акциясы аясында бірқатар рейдтік іс-шаралар өткізілді.
«Түнгі ауылдағы балалар», «Жасөспірім» және «Көше» тақырыптарында ұйымдастырылған бұл рейдтердің басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу және жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Түнгі мезгілде балалардың үйден тыс жүруі – тек тәртіп бұзу емес, олардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп. Сондықтан рейд барысында ойын-сауық орталықтары мен кафелерге барып, нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Құрметті ата-аналар мен аудан тұрғындары! Балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың бос уақытын тиімді өткізуіне атсалысайық.
Тәртіп – тәрбиеден басталады!
Өз тілшіміз.