Өлеңі – өмірі
26 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде «Т.Рысқұлов ауданында үкіметтік емес ұйымдармен атқарылған шаралар туралы» атты тақырыпта кеңес отырысы өтті.
Кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, аудандағы үкіметтік емес ұйым өкілдері және кеңес мүшелері қатысты.
Жиында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Назира Алтауева мен «Ақжүніс» аналарды қолдау орталығының жетекшісі Жанат Дәулеталиева баяндамалар жасап, атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдардың жыл бойы атқарған жұмыстары сараланып, тұрғындармен бірлесе жүзеге асқан жобалар мен бастамалар баяндалды. Сонымен қатар қоғамдық ұйымдардың белсенділігі мен олардың әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі атап өтіліп, келешекте бірлесе атқарылатын жұмыстардың бағыттары айқындалды.
Аталған жиында азаматтық қоғам өкілдері мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ, әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру сынды өзекті мәселелер көтерілді.
Айдана МАҚСҰТ.