ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 66,5 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЕНГІЗІЛДІ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 2024 ЖЫЛЫ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 55,4 МЫҢ ГЕКТАР
АЛАҢҒА ЕНГІЗІЛДІ. БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ ОСЫНДАЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ЕГІСТІКТЕРДІҢ
ЖАЛПЫ АЛАҢЫН 89,2 МЫҢ ГЕКТАРҒА ДЕЙІН ЖЕТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА.
Бұл мәселе Жамбыл облысының
әкімі Ербол Қарашөкеев пен су
ресурстары және ирригация министрі
Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен
өткен кеңесте талқыланды.
– Ел президенті Қасым-Жомарт
Кемелұлы Тоқаев су ресурстарын
ұтымды және орнықты басқарудың
маңыздылығына назар аударады. Бұл
агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға
және халықтың әл-ауқатын жақсартуға
тікелей әсер ететін стратегиялық
маңызды бағыттардың бірі.
Біздің облыста су объектілерінің
и н ф р а қ ұ р ы л ы м ы н ж а ң ғ ы р т у
және су үнемдеу технологияларын
енгізу бойынша жұмыстар белсенді
жүргізілуде. Бүгінгі таңда заманауи
технологиялар 66,5 мың гектар аумаққа
енгізілді, – деп атап өтті Ербол
Қарашөкеев.
2019 жылдан бастап облыстың
6 ауданында халықаралық қаржы
ұйымдарының қолдауымен жалпы
ұзындығы 608 шақырым болатын су
шаруашылығы жүйелерін жаңғырту
жүргізілді.
Бұдан бөлек, 19 су қоймасы
жөнделіп, 2 жаңа су қоймасы салынды,
1 гидробекет қалпына келтірілді.
2028 жылға дейінгі кешенді жоспарға
сәйкес 11 жаңа су қоймасын салу, 3
су қоймасын қайта жаңғырту, 312
каналға жөндеу жұмыстарын жүргізу,
өзен жағалауларын нығайту, сондай-ақ
су үнемдеу технологияларын кеңінен
енгізу көзделуде.
Нұржан Нұржігітов өз сөзінде суды
тиімді пайдалануды қамтамасыз ету,
әсіресе, 2025 жылы қабылданған жаңа
Су кодексінде бекітілген міндеттер
мен басымдықтар аясында жергілікті
атқарушы органдардың үйлестірілген
жұмысын қажет ететінін атап өтті.
– Жаңа Су кодексінде азаматтар
мен экономиканы су тапшылығынан
және су объектілерінің ластануынан
қорғау мәселелеріне ерекше назар
аударылды. «Экологиялық ағын» ұғымы
енгізілді. Бұл – өзен, көл, теңіздердің
экожүйелерін сақтау үшін қажетті
ең төменгі су деңгейі. Сондай-ақ, су
айналымы мен қайта пайдалануға
кезең-кезеңімен көшу, гидротехникалық
құрылыстардың қауіпсіздігі туралы
айтылады. Су нысандарын қорғауға
қойылатын талаптар кеңейтілді. Судың
«қара нарығымен» тиімді күресу үшін
бассейндік су инспекцияларының
мемлекеттік бақылау функциялары
күшейтілді. Осы және басқа да
өзгерістер елдің су қауіпсіздігін
нығайтуға негіз болады, – деді министр.
Ауыл шаруашылығы басқармасының
басшысы Қайрат Көшенов су үнемдеу
саласындағы инвестициялық жобалар
туралы хабардар етті. Өңірде тамшылатып
суару жүйелерін (жылына 14 мың
гектарға дейін) өндіру бойынша «KAZ
Каспий ГИДРО Сельхоз Технология»
компаниясының зауыты табысты жұмыс істеуде.
Қазіргі уақытта жаңбырлатып суару
қондырғылары мен тамшылатып суару
жүйелерін өндіру бойынша тағы екі
жоба іске асырылу сатысында тұр.
Басқосуда «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалының директоры
Қайрат Аманов, Шу-Талас бассейндік
инспекциясының басшысы Талғат
Ибраев баяндама жасады.
ҚР СРИМ Цифрландыру департаменті
директорының орынбасары
Ердәулет Жұмат вегетациялық кезеңде
суды пайдалануды бақылау үшін
енгізілетін цифрлық құралдар туралы
айтып берді.
ҚР СРИМ Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті
төрағасының орынбасары Темірлан
Әбдіқұлов Жамбыл облысында суармалы
суды пайдалану мониторингінің
нәтижелері туралы мәлімет ұсынды.
Кеңес
қорытындысы бойынша
су шаруашылығы инфрақұрылымын
жаңғырту, су үнемдеу технологияларын
уақтылы және тиімді енгізуді қамтамасыз
ету бойынша жұмыстарды жандандыру
жөнінде міндеттер жүктелді. Жаңа Су
кодексінің ережелерін іске асыруға
ерекше назар аудару тапсырылды.
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ
БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.
