Ауданда “Мерейлі Отбасы” ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады.
Іс-шарада сөз алған Қайрат Әбілханұлы байқаудың отбасылық құндылықтарды дәріптеп, бірлігі мен берекесі жарасқан шаңырақтарды көпшілікке үлгі ету мақсатында ұйымдастырылатынын атап өтті. Сондай-ақ, ауданымызда ана мен баланы қорғау, көпбалалы отбасыларды қолдау және тұрмыс сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келе жатқанын жеткізді.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша ІІІ орынды Айымбековтар (Көгершін ауылдық округі) және Бекназаровтар (Абай ауылдық округі) отбасы иеленді. ІІ орын Көкжаловтар (Луговой ауылдық округі) шаңырағына бұйырды.
І орынды Көкдөнен ауылдық округінен Омаровтар әулеті жеңіп алды.
Байқауда топ жарған отбасылар – ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Олардың арасында бүгінде зейнеткер электрик, техникалық қызметкер және құрылыс шебері отбасыларымен қатар, ҚР суретшілер одағының мүшесі, Желтоқсан оқиғасына қатысқан отбасылар да бар.
Биыл конкурсқа округтерден барлығы 8 өтінім түсіп, 4 отбасы жеңімпаз атанды.
Аудан әкімінің
баспасөз қызметі.
