Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
52 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Қарақыстақ аймақ кітапханашылары мен мәдениет қызметкерлері бірлесе отырып 10 тамыз – Абай күніне орай, «Ұлы ақын ұлағаты» атты әдеби-танымдық кеш өткізді. Қарақыстақ ауылдық әкімі аппаратының бас маманы Сауле Серікқалиқызы құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараны ашып берді. Іс-шара барысында кітапхананың тұрақты оқырманы Арайлым Байрбек Абай Құнанбайұлының поэзиясын талдап, жаңа көзқараспен саралап берді. Ақынның қара сөздерінен үзінді айтылып, оқушылар кезекпен Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Абайдың 180 жылдығына орай Ұлжан мен жас Абай туралы сахналық көрініс және Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау мақсатында бейнеролик көрсетілді. «Ғаламның жыр данасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Жаңатұрмыс ауылдық клубының мәдени іс-шара ұйымдастырушысы Абылай Асқаров Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» атты әнін орындап, көпшіліктің қошеметіне кенелді.
Ғ.Алимова,
Қарақыстақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы.