Ауқымды акцияда отбасылық құндылықтар дәріптелді

142 Views

30 маусым мен 30 шілде аралығында Т.Рысқұлов ауданында «Мерейлі отбасы – әділетті қоғам» атты республикалық акция аясында бірқатар маңызды іс-шаралар өткізілді. Бұл бастама – қоғамдағы отбасы құндылықтарын насихаттау, ұлттық тәрбие мен ынтымақты нығайту, отбасылық институттың мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Аудан көлемінде өткен акция барысында түрлі бағыттағы іс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, отбасылық форумдар, дөңгелек үстелдер, ардақты аналар және көпбалалы отбасылармен кездесулер өткізілді.
Сонымен қатар ауданның үлгілі, көпбалалы және еңбекқор отбасылары кеңінен таныстырылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы халық назарына ұсынылды. Акция аясында білім беру мекемелері, жастар ұйымдары, ардагерлер кеңесі мен үкіметтік емес ұйымдар белсенділік танытты.
«Мерейлі отбасы – әділетті қоғам» акциясы отбасы – мемлекеттің тірегі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Аудан тұрғындары бұл бастаманы үлкен ықыласпен қабылдап, ортақ құндылықтарды ұлықтау бағытында бірлесе жұмыс істеді.
Мұндай игі шаралар болашақ ұрпаққа өнеге болары сөзсіз. Т. Рысқұлов ауданы отбасылық құндылықтарды дәріптеуде белсенділігін одан әрі жалғастыра бермек.

Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой: