Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
52 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
10 тамыз – Абай күні. Биыл бұл атаулы дата еліміздің әрбір атырабында кеңінен тойланды. Себебі биыл хакім Абай Құнанбайұлының туғанына – 180 жыл толып отыр.
10 тамыз – Абай күніне орай, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» деген тақырыпта ілкімді іс-шара ұйымдастырды. Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен іс-шарада хакім Абайдың өнегелі өмірінен сыр шертетін көрініс қойылып, ақынның өлеңдері оқылып, әндері орындалды. Одан бөлек көрермендермен де байланыс орнатылып, Абай Құнанбайұлының шығармашылығынан сұрақтар қойылды. Әрбір сұраққа дұрыс жауап берген көрермендерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.
М.Жолдасбекұлы.