23 маусым – Қазақстан полициясы күні
38 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидат Жайлыбаев Досымжан Алтынбекұлының өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы
ӨМІРБАЯНЫ
Жайлыбаев Досымжан Алтынбекұлы 1975 жылдың 30 тамызында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Жоғары оқу орнын «Заңгер» және «Экономика» саласы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2000 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына қарасты Жамбыл облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде бас маман болып бастаған. Одан кейін Алматы қалалық прокуратурасының Әуезов аудандық прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарған. Шені – аға лейтенант. Мінсіз қызметі үшін Алматы қаласы прокурорының бұйрығымен Алғыс хатпен марапатталып, «Үшінші дәрежелі заңгер атағын» иеленген.
2012-2015 жылы Алматы облысы, Г.Панфилов ауданындағы Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы «Қорғас»-та заңгер қызметін атқарған. «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы» 2005 жылы 25 тамызда №877 қаулысына 2013 жылы өзгерістер енгізіліп, мінсіз атқарған қызметі үшін АҚ «Қорғас» президентінің атынан «Алғыс хатпен» марапатталған. Сонымен қатар Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Тараз қалалық білім бөлімі, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ауыл шаруашылық бөлімі, Т.Рысқұлов аудандық сотында қызметтер атқарған.
Үйленген, отбасылы.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қадірлі Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындары! Мен өздеріңізге сеніп, «Өз ауылым – өз болашағым» деп, Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидат ретінде тіркеліп, өзімнің сайлауалды бағдарламамды сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын. Әрине ауылға қажеті бірінші кезекте инфрақұрылым. Менің сайлауалды бағдарламамда ауылдық округтің инфрақұрылымын дамыту бірінші кезектегі мәселе болмақ. Жол, жарық, су мәселелерін де кезең-кезеңмен шешу менің жоспарымда бар. Қазіргі таңда ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар бар. Қайтарымсыз гранттар беріліп жатыр. «Ауыл аманаты» жобасы тағы бар. Осылардың барлығының игілігін ауыл жұртшылығы көру керек деп есептеймін. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы да әрбір аймаққа инвестор тартуды әрдайым айтып жүр. Бұл бағытта да жұмыс жасауға өз басым мүдделімін. Содан кейін өзімізде аға буын жасқа келіп қалдық. Ауыл жастарын әркез қолдауға әзірмін. Себебі жастар еліміздің болашағы. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолымнан келгенше көмек көрсететін боламын. Жасыратыны жоқ, ауылдық жерде жұмыс аз. Өнеркәсіп орны салынса ол мәселелер де реттелер еді. Ауылға инвестиция тарту деген сол. Жекелеген компаниялармен я болмаса ірі бизнес өкілдерімен тиісті дәрежеде жұмыс жасап, ол бағытта да жұмыс жүргізуге болады деп есептеймін. Ауылдық округті көріктендіру мен абаттандыру жұмыстары әркез бақылауымда болады. Ауылдық округ тұрғындарының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп те назардан тыс қалмайды. Менің мақсатым – ауылымызды үлгілі ауылға айналдыру. Сол мақсатқа жету үшін бар күш-жігерімді салып, аянбай жұмыс жасайтын боламын.
Қадірлі Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындары! Сіздер 24 тамызда өтетін ауылдық округ әкімінің сайлауында мені қолдайды деп сенемін.