ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА СЫЙЛАДЫ

215 Views

Естеріңізде болса, былтыр «Құланда тоңазытқыш құрастырылады» деген сүйінші хабарды жеткізген едік. Бүгінде бұл цех қарқынды дамып, айына 70 тоңазытқыш шығаруда. Мақсат – бұл көрсеткішті 100-ге жеткізу. Алайда оған жетуге ауданда білікті мамандардың тапшылығы кедергі болып отыр. Соған қарамастан, кәсіп иесі Қуандық Маханбетқұлов өз ұжымын ерекше бағалайды. Қызметкерлерінің кәсіби өсуіне түрлі жағдай жасап, шетелде тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастырады. Жақында ол ауылда жақсы мамандарды ұстап қалудың тың жолын тағы да көрсетті. Шаңырақ көтерген екі жас қызметкеріне Дубайға 10 күндік жолдама сыйлады. Олар өмірлік жарларымен бірге жылы жағалауда демалып, жұмысқа жаңа қуатпен оралатын болады. Мұндай қамқорлық — тек сыйлық емес, ұжымға деген шынайы құрмет пен сенімнің белгісі. Айтпақшы, «Mooztau» кәсіпорны өз қызметкерлерінің санын екі есеге ұлғайтуды көздеп отыр. Егер тұрақты түрде еңбек еткіңіз келсе, аталмыш цехтің басшылығына жолығыңыз. Онда білікті, білімді әрі жұмысына адал азаматтарды жылы қабылдайды.

Жәнібек Сұлтан.

Поделиться ссылкой: