Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
2011 жылдың 5 тамызында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңы күшіне енді.
Алайда азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу заңнамаларының талаптарын сақтай отыра, медиация институтын сот процестерінде қолдану бүгінгі күнде тиісті деңгейде жүзеге асырылмай отыр. Осыған орай, медиацияның қолдану аясын кеңейту мақсатында азаматтар мен заңды тұлғаларға аталған заң талаптарына түсіндірме беріледі.
«Медиация» латын тілінен аударғанда «mеdiare», яғни делдалдық ету, бітімгершілік, тараптардың өзара тиімді шешімге жету тәсілі деген мағынаны білдіреді.
Тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға медиация рәсімі қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңының талаптарына сай, медиаторлар кәсіби және кәсіби емес болып бөлінген. Кәсіби емес медиаторға кемінде қырық жасқа толған, қабілетті және осы ұйым тізімінде тіркеуде тұратын азамат тағайындалуы қажет. Кәсіби емес медиаторлар ісін тегін жүзеге асырады. Кәсіби емес медиаторлар тізілімін (реестрін) қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдері (уәкілетті орган) жүргізеді. Сонымен қатар жергілікті қоғамдастықтың өмірлік тәжірибесі мол, абыройлы және мінсіз беделі бар қоғамдық мүшелері де уәкілетті органның тізіліміне қосылу арқылы жүргізе алады.
Кәсіби медиаторға қойылатын талап жоғары. Оның жасы жиырма бестен кем болмауға тиіс. Міндетті түрде жоғары кәсіби білімі, медиаторларды әзірлеу бағдарламасы бойынша оқу курсын аяқтағаны туралы куәлігі және кәсіби медиаторлар тізілімінде тіркеуде болуы қажет. Кәсіби медиаторлар медиацияны ақылы негізінде, сондай-ақ, тегін жүзеге асыра алады. Кәсіби медиаторға төленетін сыйақының мөлшері тараптар мен медиатордың келісімі бойынша анықталады.
Медиаторлар ұйымдары ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес, өзін-өзі қаржыландыратын және өзін-өзі басқаратын ұйым болып табылады және олар медиация бойынша тиісті даярлықтан өткені туралы сертификат бере отырып, медиаторларды кәсіби даярлайды.
«Медиация туралы» заң азаматтық-құқықтық, еңбек, отбасылық, жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыстық-құқықтық қатынастар аясында туындайтын дау-жанжалдарды реттейді. Азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларда медиацияға сотқа дейін және сот процесі барысында да жүгінуге болады. Соттың қарауында тұрған азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды реттеу кезінде медиация өткізу туралы шарт жасалса, сот іс жүргізуді тоқтата тұра алады. Ал қылмыстық істер бойынша медиацияны өткізу қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге кедергі болмайды.
Азаматтық істер бойынша дауларды реттеу кезінде медиацияны өткізу туралы шарт жасалған күннен бастап отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Қажет болған жағдайда тараптардың өзара шешімі бойынша медиацияны жүргізу мерзімі тағы отыз күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Бірақ алпыс күннен аспауы тиіс.
Азаматтар медиаторлармен өзара келісімшартқа отыру арқылы дауды реттейді, егер құқығы бұзылып жатса сотқа қайырылады. Медиатор тараптарға өз шешімін орындауға міндеттемейді, даудың мән-жайын әділ бағалап, даудың оңтайлы шешімін табуға көмектеседі.
Жалпы бұл заңның қабылдануы ол халықтың қандай да бір дау туған жағдайда, мейлі ол үлкен немесе ұсақ дау болсын бірден сотқа жүгіну ойынан арылту, тараптардың бірінің мүдделерінің қалпына келуін сақтау болып табылады.
Ж.Құлатаева,
аудандық соттың бас маманы.