Жарайсың, Айару!

148 Views

Шахмат – ақылдылардың ойыны. Бұны біз әркез айтып та, жазып та жүрміз. Ал осы ақылдылардың ойынында ауданымыздың абыройын асқақтатып жүрген шынашақтай қыз баласы бар. Есімін мен жазбай-ақ танып отырсыздар, білем. Айару Каипова. Иә, дәл өзі. Айару жайлы да біз көп мақалалар жаздық. Өзі қатысқан жарыстардың барлығында Айару жүлдесіз қалған емес. Қай жарыста жүлде алса да, біз оны міндетті түрде газет бетіне жариялап тұрдық. Жеке өз басым Айарудың болашағы жарқын екенін сеземін. Ол әлі талай шыңдарды бағындырады. Қазірдің өзінде оның есімін күллі қазақ жұртшылығы біледі.
Жақында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының балалар кубогының 6-кезеңі өтті. Бұл жарысқа еліміздің әр өңірінен 300-ден аса жас шахматшы қатысты. Әрине бұл жарысқа Айару да қатысты. Сөз басында айтып өткеніміздей, жай қатысқан жоқ әрине. Өзінің әр ойыны арқылы шынашақтай жерлесіміз өзгелерге шеберліктің үлгісін паш етті. Бұл жарыста Айару Каипова жүлделі ІІ орынға ие болды. Әрине жақсы көрсеткіш. Осы жаңалықты Айарудың әкесі әрі жаттықтырушысы Ниязбек Каипов хабарласып айтқанда, шын қуандық. Және сол қуанышты оқырмандарымызбен де бөлісейік деген ниетпен осы мақаланы жазып отырмыз.
Жарайсың, Айару!

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: