Айару үздіктер қатарынан көрінді
39 ViewsЖуырда Алматы қаласында республикалық «Ауыл спорты» ойындары өтті. Бірінші іріктеу кезеңі әр облыста ұйымдастырылып, жарыс спорттың 7 түрінен өтті. Оған 300 ауылдан шамамен 10 000…
Қарттарым, аман, сау жүрші!
аудандық Ардагерлер кеңесі мен «Белсенді өмір сүру орталығы» бірлесе отырып, Конституция күні қарсаңында «Денсаулық күні» шарасын өткізді. Шараның мақсаты – 60 жастан асқан аудан тұрғындарын спорттық-мәдени іс-шараларға тарту арқылы олардың өмір сапасын жақсарту.
Алдымен орталыққа келген қарияларға қаржылық және цифрлық сауаттылық бойынша семинарлар ұйымдастырылып, заңгерлік және психологиялық кеңестер берілді. Онда қаржыны тиімді басқару жолдары, цифрлық қосымшаларды пайдалану мүмкіндіктері түсіндіріліп, интернет- алаяқтарын тану және сақтану тәсілдері айтылды. Сонымен қатар психологиялық тесттер арқылы ардагерлердің есте сақтауын, зейінін, көңіл-күйін тексеріп, зейнет жасындағы мемлекеттік жеңілдіктер мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы мағлұматтар берілді. Семинардан кейін ардагерлер арасында шахмат, дойбы, домино және бильярдтан жарыстар өтті. Әрбір қатысушыға сыйлықтар табысталып, жеңімпаздарға арнайы жүлделер берілді. Нәтижесінде шахматта Расылхан Әуелов, дойбыда Мұрат Наметқұлов, доминода Қожайхан Бижанов жеңімпаз атанды. Ал бильярд жарысында бірінші орынды Тұрғын Әденов, екінші орынды Тоқабай Тастанбеков, үшінші орынды Райзо Шәділбеков иеленді. Жарысқа қатысқан ең жас қатысушы 65 жаста болса, ең үлкені 88 жастағы қария болды. Бұл аудан қарттарының белсенді өмірге деген құштарлығының айқын көрінісі.
Ақжарқын Мұратбекқызы.