Бала қауіпсіздігі – басты назарда
Ағымдағы жылдың 25-ші тамыз бен 10-шы қыркүйек аралығында ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында «Абайлаңыз балалар!» акциясы өткізілуде. Акцияның басты мақсаты – теміржол нысанында кәмелетке толмағандардың кінәсінен болатын оқиғалардың алдын-алу. Түрксіб ст. ЖПб қызметкерлері кәмелетке толмаған балаларға және олардың ата-аналарына теміржолда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Қанат Удербаев,
Түрксіб ст. ЖПб Жеке құраммен жұмыс тобының аға инспекторы, полиция майоры.
