33 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Қариясы бар ел – қазыналы ел
299 Views
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ауданымызда ерекше іс-шара өтті. Қазыналы қарияларымызбен арнайы кездескен аудан әкімі Ернар Есіркепов ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарды айтулы мерекемен құттықтап, ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбектеріне алғыс білдірді.
Ізгі тілек пен игі ниетке аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов те қосылып, қарияларға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасы амандығын тіледі. Мерекелік шара Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әзірлеген сазды концертпен жалғасын тапты. Көңіл тербеген ән-күй мен ұлттық өнер қарттарымыздың көңілінен шықты деуге толықтай негіз бар. Үлкенге құрмет, кішіге ізет және отбасы құндылығы дәріптелген концерттік қойылымда есті әндер шырқалып, ойға түрткі болатын мағыналы сөздер айтылды.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

