33 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Аппараттық кеңесте өзекті мәселелер талқыланды
343 Views
Осы аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Кеңесте аудан дамуы үшін аса маңызды бірқатар бағыттар қаралды.
Атап айтар болсақ, ауылшаруашылығының ағымдағы жағдайы мен алдағы жоспарлары, кәсіпкерлік саласындағы өзгерістер мен қолдау шаралары, инвестиция тарту мәселелері, ветеринариялық қауіпсіздік пен мал шаруашылығының жай-күйі және Ұлттық ауылшаруашылық санағының жүргізілу барысы талқыланды. Аудан басшысы Ернар Есіркепов барлық сала бойынша нақты тапсырмалар беріп, жауапты бөлімдерге жұмысты жүйелі үйлестіруді жүктеді. Аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстар аудан экономикасының өсуіне тікелей әсер ететін негізгі салалар екенін ерекше атап өтті.
«Құлан медиа» ақпарат.

