33 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – ортақ жауапкершілік
268 Views
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет. Әрбір отбасы өз үйіндегі пеш пен газ жабдықтарының жағдайына мұқият болып, сақтық шараларын назардан тыс қалдырмауы тиіс. Пеш пен газ құрылғыларын дұрыс пайдалану – жазатайым оқиғалардың алдын алудың ең тиімді жолы. Пештің мұржалары мен құбырларын уақтылы тазалап отырыңыздар. Газ құбырлары мен қосылыстарын тексеріп, газдың сыртқа шығуын қадағалаңыздар. Пешті немесе газ құрылғыларын пайдаланғанда оларды қадағалаусыз қалдырмаңыздар. Үйіңізде газдың иісі сезілсе, газды дереу жауып, электр құралдарын қоспай, барлық терезе-есікті ашып желдетіп, мамандарға хабарласыңыздар. Балалардың пеш пен газ құралдарына жоламауын қамтамасыз етіңіздер. Өрт пен газ қауіпсіздігін сақтау – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.
«Құлан медиа» ақпарат.

