Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Жақында Тараз қаласында жастар және жасөспірім бұрымды боксшы қыздар арасында Жамбыл облысының чемпионаты өтті. Осы облыстық чемпионатқа №24 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Есдәулет Құрмантаевтан бокстың қыр-сырын үйреніп, осы күні үлкен жетістіктерге жетіп жүрген Айдана Әбдікерім, Тоғжан Тұрарқызы және Мерей Тынышбек те қатысты.
Расыменде бұл боксшы қыздар көптеген белестерді бағындырып үлгерді. Айдана Әбдікерім Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған кезде көлемді мақала жазғанбыз. Тоғжан мен Мерей де бұған дейін республикалық жарыстарда өздерінің шеберліктерін көрсетіп, қырағы бапкерлердің көздеріне іліккен еді. Айдана Әбдікерім Қарақат ауылында дүниеге келген болса, Тоғжан Тұрарқызы Рахым Сәбденов ауылының тумасы. Ал Мерей Тынышбек болса, Абай ауылында дүниеге келген жас былғары қолғап шебері.
Таразда өткен Жамбыл облысының чемпионатында үш боксшы қызымыз да сәтті өнер көрсеткенін редакциямызға келген жаттықтырушы Есдәулет Құрмантаев айтып берді бізге. Осы жарыста Айдана Әбдікерім 60 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, Тоғжан Тұрарқызы 57 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасып, жүлделі екінші орын иеленген екен. Ал Мерей Тынышбек 65 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, Жамбыл облысының чемпионатында топ жарды. Енді осы үш боксшы қызымыз қараша айында Тараз қаласында өтетін Қазақстан біріншілігінде бақ сынайтын болады. Жас боксшы қыздарымызға ел біріншілігінде де сәттілік серік болсын дейміз.
Марат Диханбай.