Абай мұрасы – ұлттың мәңгілік шамшырағы

127 Views

Өткен сейсенбіде Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен және Ақыртөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ұлт руханиятының шамшырағыұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған тағылымы терең, рухани әсерге толы «Жүрегіңнің түбіне терең бойла» атты әдебисазды мюзикл өтті.

Кеш көрермен жүрегін тербеген «Абай – Тоғжан» көрінісімен ашылып, мәңгілік мәні жоғалмас «Желсіз түнде жарық ай!» әнімен жалғасты.

Жүргізушілер көрерменді Абай әлеміне жетелеп, ұлы ақынның өмірі, даналық ойлары мен өнегелі сөздерін әсерлі түрде жеткізді.

Кеш барысында кітапхана оқыр­мандары Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жүректен оқып, поэзия мен рух үндескен сәттерге айналды.

Ал өнерпаздар Шолпан Алиева мен Рысбек Қадырқұловтың орындауындағы «Бойы бұлғаң», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» әндері кештің шырайын кіргізіп, Абай әуенін жаңа леппен жаңғыртты.

Сонымен қатар «Абай даналығы – халық мұрасы» атты көрме инстал­ляциясы ұйымдастырылып, ақынның мол мұрасы, қара сөздері мен замана биігіндегі ойлары көрермен назарына ұсынылды.

Кеш соңында «Өз елім» әні әуелеп, ел мен жерге деген сүйіспеншілік, рух пен мақтаныш сезімі көрініс тапты.

Бұл рухани кеш  ақынның  ұлағатын ұлықтап, жастардың бойына ізгілік пен даналық дәнін еккен тағылымды мереке болды.

Абайдың әр сөзі – өмір саба­ғы, әр ойы – халық рухының ай­на­­сы. Абай сөзі – жүрек үні. Абай мұрасы – ұлттың мәңгілік шам­шы­­рағы.

Әлия Искакова,

аудандық кітапхананың

кітапханашысы.

Поделиться ссылкой: