Қоғамдық қабылдау өткізді
39 ViewsӨткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов қоғамдық қабылдауға жазылған тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қоғамдық қабылдауға тұрғындар жайылымдық жер, баспана, көгілдір отын тарту, ауылішілік көше…
Өткен сейсенбіде Құлан агротехникалық жоғары колледжінің кіші футбол алаңында «Спорт – достық мекені» атты тақырыпта колледж студенттерінің арасында жарыс өтті.
«Жұмысшы мамандықтар жылына» орай өткізілген жарысты аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері ұйымдастырды.
Жарыстың ашылу рәсіміне Құлан агротехникалық жоғары колледжінің директоры Тұрарбек Шарипов, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ерболат Жәдік қатысып, сөз сөйледі.
Жарысқа 8 команда қатысты.Дәл осындай жарыстар колледж студенттерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттап, олардың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтары сөзсіз.
Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды аспазшы мамандығының 1 курс студенттері иеленсе, жүлделі ІІ орынға орман шаруашылығы мамандығының 4 курс студенттері ие болды. Жарыс жеңімпазы, яғни жүлделі І орынды ветеринария мамандығының 3 курс студенттері жеңіп алды. Жеңімпаз бен жүлдегер атанған барлық команда мүшелеріне медальдар, алғыс хатпен қоса бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Марат Жолдасбекұлы.