ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
246 Views ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу», –…
Сәрсенбі күні Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Ернар Есіркепов кеше Тереңөзек ауылына арнайы барып, жергілікті халықпен жүздесті.
Кездесу барысында аудан басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, инвестиция тарту, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім мен мәдениет, қаржы және инфрақұрылым салаларында жүзеге асырылып жатқан жобаларды жіпке тізіп өтті.
Ашық форматтағы жиын барысында тұрғындар да белсенділік танытып, өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ауылға спорт кешенін салу, бейітті қоршау, мектепке қосымша ғимарат немесе жаңа бастауыш мектеп қажеттігі, шағын футбол алаңын салу, ағын су көлемін арттыру және денсаулық сақтау саласына қатысты сұрақтар қозғалды.
Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы әрбір ұсынысты мұқият тыңдап, мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жолдарын қарастыруды тиісті сала басшыларына тапсырды.
Жәнібек Базылбек.