33 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
190 Views
Өткен сәрсенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудан прокуроры Болатхан Қалыбаев және аудандық полиция бөлімінің басшысы Ерлан Түменбаев Ақыртөбе ауылдық округіне арнайы барып, жоғары сынып оқушыларымен кездесті.
Ақыртөбе – аудан орталығынан шалғай орналасқан ауыл болғанымен, мұндағы оқушылар барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Былтыр ғана пайдалануға берілген жаңа спорт кешені мен мәдениет үйінде түрлі үйірмелер ашылып, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалған.
Кездесуде аудан әкімі жасөспірімдерге арналған мүмкіндіктерді тиімді пайдалану, өнер мен спортқа бет бұру, жеке тәртіп пен жауапкершілік сияқты тақырыптарды қозғап, бала қауіпсіздігі – барша қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.
Өз сөзінде аудан прокуроры Болатхан Қалыбаев пен полиция бөлімінің басшысы Ерлан Түменбаев оқушыларды құқықбұзушылықтан аулақ болып, заңға құрметпен қарауға шақырды. «Заңнан аттау – ардан аттау» екенін ескертіп, әрбір азаматтың жауапкершілігі зор екенін айтты.
Өз кезегінде оқушылар да қауіпсіздік – ортақ міндет екенін айтып, мектеп аумағында құқықбұзушылыққа жол бермейміз деген уәдесін берді.
Өз тілшіміз.

