Мамай мен Сөгетіге таза ауыз су келді
55 ViewsӨткен жұмада Қайыңды ауылдық округіне қарасты Сөгеті және Мамай ауылдарының тұрғындары үшін тарихи күн болды. Олай деуге толықтай негіз бар. Себебі талай жылдан бері…
Жақында Құлан агротехникалық жоғары колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ауылшаруашылығы саласы бойынша кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Конкурстың мақсаты – республикадағы ауыл шаруашылығы секторын дамыту жағдайында ауылшаруашылығы саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының неғұрлым талантты педагогтерін анықтау және қолдау. Конкурсқа Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы ветеринария және биотехнология жоғары колледжінен Нұржігіт Жандос Смағұлұлы, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінен Нарбаева Райхан Темірбекқызы, Ақтөбе облысы білім басқармасының Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінен Айтымбетов Махсет Тлеуліұлы, Асқар Айнұр Асқарқызы, Алматы қаласы білім басқармасының Евразия аграрлық колледжінен Көшкімбаев Серік Сейдімханұлы, Атырау облысы білім беру басқармасының О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінен Айбекұлы Қуанышбек және Саттар Нұржанар Саттарқызы, Батыс Қазақстан облысының Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінен Есіркепов Ержан Маратұлы, Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжінен Керімқұлова Өрік, Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауылшаруашылық колледжінен Бүбеқұлова Мадина Талғатқызы, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Құлан агротехникалық жоғары колледжінен Қысық Тілек Тұрсыналыұлы және Даулетов Жандарбек Асқарұлы, Қарағанды облысы білім басқармасының Абай көпсалалы колледжінен Құлшынбаев Егінбай Даукесұлы, Қызылорда облысы білім басқармасының И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінен Жорабек Жасұлан Қайратұлы және Байназар Баубек Сапарбекұлы, Павлодар облысы әкімдігі білім басқармасының «ERTIS» жоғары инновациялык-аграрлы колледжінен Мұсаева Гүлнар Оразғалиқызы және Ахметова Самал Рахметоллақызы, Түркістан облысы білім басқармасының Қапланбек жоғары аграрлық техникалық колледжінен Құралов Нұрғали Сәрсенұлы, Түркістан облысы білім басқармасының Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінен Жүнісбекова Эльза Бұхарбайқызы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінен Ахмадиева Айнұр Жомартқызы, сонымен қатар конкурсқа 13 компатриот қатысты. 
Конкурсқа Қазақстанның 12 облысы мен Алматы қаласының 15 колледжінен ветеринария және агрономия мамандықтары бойынша 22 педагог қызметкері және 17 компатриот қатысты. 
Қазылар алқасының құрамында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Құланбай Қаламқас Жаңабекқызы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының аға оқытушы Жұматаев Марат Ермекбайұлы, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Т.Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Мешітбаев Мұхит Есбергенұлы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Жылқайдар Арман Жетпісбайұлы, «Республикалық эпизоотияға қарсы күрес отряды» ШЖҚ РММ-ның Жамбыл облыстық филиалының бас маманы Дәуренбеков Жанат Иманбайұлы, Жамбыл облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Жамбыл облысының ветеринарлық станциясы» ШЖҚ КМК-ның Меркі ауданының ветеринария бөлімі Сарымолдаев а/о ветеринарлық пункті меңгерушісі Арыстанбаев Ғани Қазбекұлы болды. Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі екенін айта кетейік. 
Конкурс 08110100 – Агрономия және 08410100 – Ветеринария мамандықтары теориялық және практикалық бойынша екі кезеңде өткізілді. 
1 кезең – теориялық, 2 модульден тұрады. Модуль 1. Мамандық бойынша тестілеу. Модуль 2. Ауылшаруашылығы саласының стандарттарын анықтау бойынша тәжірибелік жұмысты орындау кезіндегі іс-қимылдардың бірізділігін құрастыру.
2 кезең – практикалық, 4 модульден тұрады.
– 08410100 «Ветеринария» мамандығы бойынша:
– Модуль 3 – Жануарларды клиникалық зерттеу; 
– Модуль 4 – Жануарларға дәрі-дәрмек енгізу;
– Модуль 5 – Патогенді бактерияларды анықтау (микроскопия);
– Модуль 6 – Жануарларлардың терісіне хирургиялық тігістерді салу.
– 08110100 «Агрономия» мамандығы бойынша:
– Модуль 3 – Жеміс ағашын телу әдісі;
– Модуль 4 – Тұқымнан орташа сынама алу. Бидайдағы желімтектің мөлшері мен сапасын анықтау;
– Модуль 5 – Топырақтың ылғалдылығын анықтау;
– Модуль 6 – Тюрин әдісі бойынша топырақ гумусын анықтау. 
Кәсіби дода барысын саралай келе әділқазылар алқасы лайық деп тапты.
Ветеринария саласы бойынша:
І орынға Түркістан облысы білім басқармасының Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Құралов Нұрғали Сәрсенұлы, ІІ орынға Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Қысық Тілек Тұрсыналыұлы, ІІІ орынға Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің оқытушысы Қуанышбек Айбекұлы, ІІІ орынға Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің оқытушысы Ахмадиева Айнұр Жомартқызы ие болды.
«Шығармашыл педагог» номинациясына Павлодар облысы білім беру басқармасының «ERTIS» жоғары инновациялык-аграрлық колледжінің оқытушысы Мұсаева Гүлнар Оразғалиқызы, «Өз ісінің шебері» номинациясына Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінен Әйтімбетов Махсет Тлеуліұлы, «Креативті педагог» номинациясына Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы ветеринария және биотехнология жоғары колледжінің оқытушысы Нұржігіт Жандос Смағұлұлы ие болды. 
Агрономия саласы бойынша:
І орынға Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Асқар Айнұр Асқарқызы, І орынға Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің оқытушысы Нарбаева Райхан Темірбекқызы, ІІ орынға Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Дәулетов Жандарбек Аскарұлы, ІІ орынға Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің оқытушысы Жүнісбекова Эльза Бұхарбайқызы, ІІІ орынға Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Байназар Баубек Сапарбекұлы, «Шығармашыл педагог» номинациясына Павлодар облысы білім беру басқармасының «ERTIS» жоғары инновациялык-аграрлық колледжінің оқытушысы Ахметова Самал Рахметоллақызы, «Өз ісінің шебері» номинациясына Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің оқытушысы Ерина Мария Васильевна. 
«Креативті педагог» номинациясына Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауылшаруашылық колледжінің оқытушысы Бүбеқұлова Мадина Талғатқызы ие болды. 
Конкурс тапсырмаларының мазмұны конкурста берілетін практикалық тапсырмаларды орындауды көздеді. Конкурс маманның өз бейіні бойынша кәсіби құзыреттілігін бағалауға мүмкіндік берді. Конкурстың теориялық кезінде арнайы пәндер бойынша сұрақтарды қамтитын тест сұрақтарына жауап беріледі және тәжірибелік жұмысты орындау кезіндегі іс-қимылдардың бірізділігін құрастыру тапсырмалары орындалды.
Конкурстың практикалық кезеңі әрбір модуль бойынша бір немесе бірнеше тапсырмадан тұрады және жұмыстарды бағалауда келесі аспектілер ескеріледі. Іс-қимылдардың дәйектілігі, орындаудың дұрыстығы, сала стандарттарының талаптарының сақталуы, орындалу уақыты, өз іс-қимылдарының негіздемесі. 
Әділқазылар алқасы байқауға қатысушылардың кәсіби шеберлігін CIS жүйесі бойынша бағалауды жүзеге асырды.
Г.Маханбетова,
Құлан агротехникалық жоғары колледжі директорының орынбасары.