«Таза Қазақстан» — болашақтың бастауы
37 ViewsСіз білесізбе? Соңғы 2 жылдың ішінде қазақстандықтар 2 млн. тонна қоқыс жинап, 5,5 млн ағаш отырғызды. Йә бұл жәй ғана статистика емес, бұл «Таза…
Республика күніне орай Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан бірқатар азаматтарға Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті. Мерекелік жиын Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған әсерлі сахналық қойылым мен келісті концерттік бағдарламаға ұласып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Республика күніне орай ауылдық округтерде де мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Осылайша Республика күні ауданымызда кең көлемде аталып өтті.
«Құлан медиа» ақпарат.