«Таза Қазақстан» — болашақтың бастауы
37 ViewsСіз білесізбе? Соңғы 2 жылдың ішінде қазақстандықтар 2 млн. тонна қоқыс жинап, 5,5 млн ағаш отырғызды. Йә бұл жәй ғана статистика емес, бұл «Таза…
Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай 25 қазан – Ұлттық мереке, Республика күніне және 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай ардагерлер мен сала қызметкерлерін құттықтады.
Жиын соңында Т.Рысқұлов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Демесинова Маржан Нұрманқызы Қазақстан Кітапханалар Одағының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.
Маржан Нұрманқызының есімін кітапхананың тұрақты оқырмандары жақсы біледі. Ол өз ісіне шын берілген жан. Кітапхана ісі саласында біраз жылдан бері табан аудармай еңбек етіп келеді Сондықтан бұл марапат оның еңбегінің жемісі деп білеміз. Маржан Нұрманқызын алған марапатымен құттықтаймыз және жұмысы алға баса берсін деген тілек-ниетімізді де қоса айтқымыз келеді.
«Құлан таңы» ақпарат.